РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Ақшұқыр ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Ақшұқыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақшұқыр ауылы әкімінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 231 "Ақшұқыр селосы бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 тамыздағы № 58-59 (406-407) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы және 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақшұқыр ауылы бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы";
"1. Ақшұқыр ауылына жаңадан пайда болған көшелеріне келесі:".
2. "Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Даутова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | С. Қылыш |