Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 16.06.2017 № 155 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 14 бабының 4 тармағын және жергілікті халықтың пікірін, ауыл ардагерлерінің 09 сәуір 2010 ж. № 3 хаттамасын, аудандық ономастика жөніндегі комиссия мәжілісінің 21 мамыр 2010 жылғы шешімін, ескере отырып, аймаққа еңбегі сіңген азаматтың есімін есте қалдыру, жаңадан салынып жатқан көшелерге атау беру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақшұқыр ауылына жаңадан пайда болған көшелеріне келесі:
1) Дүйіш Досаев - Еңбек ардагері (5кв.1-7, 2-8, 3-9, 4-10, 5-11, 6-12, 119-125, 120-126, 121-127, 122-128, 123-129, 124-130, 227-233, 228-234, 229-235, 230-236, 231-237, 232-238, 294-296, 295-297, 13-19, 14-20, 15-21, 16-22, 17-23, 18-24, 131-137, 132-138, 133-139, 134-140, 135-141, 136-142, 239-245, 240-246, 241-247, 242-248, 243-249, 244-250, 298-300, 299-301 жер телімдері);
2) Адек Жанашев – Ұлы Отан соғысының ардагері (5 кв.14-47, 42-48, 43-49, 44-50, 45-51, 46-52, 161-167, 162-168, 163-169, 164-170, 165-171, 166-178, 53-59, 54-60, 55-61, 56-62, 57-63, 58-64, 173-179, 174-180, 175-181, 176-182, 177-183, 178-184 жер телімдеріне) атаулары берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 16.06.2017 № 155 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Село әкімі | А.Нұғманов |