Ақшұқыр ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 273 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 3429 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес және Ақшұқыр ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2017 жылғы 10 тамыздағы №10-11-4151 ақпараттық хатының негізінде, Ақшұқыр ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақшұқыр ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Ақшұқыр ауылы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 887 а) "Ақшұқыр селосынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-6-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 қазандағы №50-51 "Ақкетік" газетінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшұқыр ауылынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы";

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақшұқыр ауылынан:";

      2) Ақшұқыр ауылы әкімінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 321 "Ақшұқыр селосы, С.Шапағатов елді мекені бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-6-101 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қазандағы №60 "Ақкетік" газетінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшұқыр ауылы, Сайын Шапағатов елді мекені бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы";

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақшұқыр ауылының жаңадан пайда болған көшелеріне келесі:".

      2. "Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Кабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшұқыр ауылы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Нұғманов

О внесении изменений в некоторые решения акима села Акшукур

Решение акима села Акшукур Тупкараганского района Мангистауской области от 08 сентября 2017 года № 273. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 25 сентября 2017 года № 3429

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с законами Республики Кахахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", от 21 января 2013 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ономастики", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и с учетом мнения населения села Акшукур, а также на основании информационного письма департамента юстиции Мангистауской области от 10 августа 2017 года №10-11-4151, исполняющий обязанности акима села Акшукур РЕШИЛ:

      1. Внести в некоторые решения акима села Акшукур следующие изменения:

      1) в решении акима села Акшукур от 30 июня 2008 года №887 а) "Ақшұқыр селосынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-6-65, опубликовано в газете "Ақкетік" от 21 ноября 2008 года №50-51):

      в заголовок и в пункт 1 указанного решения на государственном языке внесены изменения;

      2) в решении акима села Акшукур от 11 сентября 2009 года №321 "Ақшұқыр селосы, С.Шапағатов елді мекені бойынша жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-6-101, опубликовано в газете "Ақкетік" от 14 октября 2009 года №60):

      в заголовок и в пункт 1 указанного решения на государственном языке внесены изменения.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима села Акшукур" (Кабаев Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима села Акшукур Нугманов А.