Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 08.09.2017 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 14 бабының 4 тармағын және жергілікті халықтың пікірін, аудандық ономастика жөніндегі комиссия мәжілісінің 28 сәуір 2009 ж. №.1, 20 маусым 2009 ж. №2 хаттамаларын ескере отырып, аймаққа еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін есте қалдыру, жаңадан салынып жатқан көшелердің есімдерін беру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ақшұқыр селосынан:
1. Әбілхайыров Борсақбай – Ұлы Отан соғысының ардагері
2. Наубетов Сұлтанбай – Түпқараған ауданының құрметті азаматы
3. Қадырұлы Бекбосын – ауылшаруашылығын дамытуға атсалысқан азамат
4. Дүйсенбаев Жүсіп – "Социалистік Еңбек Ері" азамат соғысының батыры
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді- Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 08.09.2017 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Сайын Шапағатов елді мекенінен:
1. Есетов Найзабек – Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек ардагері
2. Жақауов Ақназар – "Социалистік Еңбек Ері"
3. Шахатов Тасқынбай – Ұлы Отан соғысының ардагері, "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері"
4. Тумышев Сәйдім – Қазақ жерінің зиялы азаматы
5. Мейров Бисембай – Еңбек ардагері
3. Шешімінің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақшұқыр село әкімі: | А. Нұғманов |