Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылы әкімінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 27 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 3274 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Баянды ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 24 қазандағы №10-11-4152 ақпараттық хатының негізінде, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №18 "Баянды-1 тұрғын үй массивіндегі тұрғын үйлердің көше аттарын өзгерту туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-8 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баянды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2) Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №24 "Баянды селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-7 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің тақырыбы және кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баянды ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы";
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар Баянды ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. "Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Р.Таймуратов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Р.Таймуратов

О внесении изменений в некоторые решения акима села Баянды

Решение акима села Баянды Мунайлинского района Мангистауской области от 27 января 2017 года № 27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 23 февраля 2017 года № 3274

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Кахахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно- территориальном устройстве Республики Казахстан", от 21 января 2013 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ономастики", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и с учетом мнения населения села Баянды, а также на основании информационного письма департамента юстиции Мангистауской области от 24 октября 2016 года №10-11-4152, аким села Баянды РЕШИЛ:
      1. Внести в некоторые решения акима села Баянды следующие изменения:
      1) в решении акима села Баянды от 13 июня 2008 года №18 "Баянды-1 тұрғын үй массивіндегі тұрғын үйлердің көше аттарын өзгерту туралы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-7-8, опубликовано в газете "Мұнайлы" от 18 июля 2008 года №28 (31):
      в преамбулу указанного решения внесены изменения;
      2) в решении акима села Баянды от 13 июня 2008 года №24 "Баянды селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №11-7-7, опубликовано в газете "Мұнайлы" от 18 июля 2008 года №28 (31):
      в заголовок и в преамбулу указанного решения внесены изменения.
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима села Баянды" (Р.Таймуратов) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстици, его официальное опубликование в средствах массовой информации и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Таймуратов Р.