РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар Баянды ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігі Баянды селосы әкімінің 27.01.2017 № 27 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Баянды-1 тұрғын үй массивінің шығыс жағында орналасқан жалпы ауданы 74 га жер телімінде орналасқан Баянды-2 тұрғын үйлер алабы Баянды-2 тұрғын үйлер массиві деп аталсын.
2. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | Қ. Боранбаев |