Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.06.2020 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітіліген, Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 қаулысымен бекітілген |
Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.05.2019 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ауылшаруашылық өнімнің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм) |
Сүт | Сары май | 40,0 |
Сүт | Қатты ірімшік | 19,0 |
Сүт | Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған) | 12,0 |