Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 27.12.2023 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 "Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 тіркелген, 2011 жылғы 2 шілдеде "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ахметов |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Н. Абдуов