Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 106 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қаңтарда № 10130-10 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қостанай облыстық мәслихатының "Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 болып тіркелген);

      2) Қостанай мәслихатының "Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 131 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7011 болып тіркелген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 106 шешіміне
  қосымша

Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары

     


     


Бағалау аймағының нөмірі

Бағалау аймақтарының шекаралары

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

1

2

3

4

1

1

Жер-кадастрлық квартал 001 шағын аудандар: 1-7, 8, 11, 19, 20, өнеркәсіптік коммуналдық аймақ
Жер-кадастрлық квартал 990 гараж қоғамдары: "Тулпар", "Заря", "Планета", "Восход", "Рассвет", "Гаражный кооператив № 1"

2,0

2

2

Жер-кадастрлық квартал 005 өнеркәсіптік аймақ, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер, қордағы жерлер, орман қоры, су қоры
Жер-кадастрлық квартал 025 теміржол көлігі жерлері
Жер-кадастрлық квартал 026 автокөлік, су шаруашылығы объектілерінің, электр беру желілерінің жерлері

1,9

3

3

Жер-кадастрлық квартал 002 шағын аудандар: 9-10, 12-18, 21-25
Жер-кадастрлық кварталдар 003-004 Октябрьский кенті
Жер-кадастрлық квартал 990 гараж қоғамдары: "Старт", "Юпитер", "Урал", "Союз"

1,8

4

4

Жер-кадастрлық кварталдар 006-011 "Урожайное-I" бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 012-018 "Урожайное-II" бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 019-020 "Химик" бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 021-022 "Боксит" бау-бақша серіктестігі
Жер-кадастрлық кварталдар 023-024 "Дастархан" бау-бақша серіктестігі

1,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады