Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.06.2020 № 206 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген) сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 485 "Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6696 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормалары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"
30-1 | РОБУСТО, к.э. | 2500,00 | 1170,00 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 367-1-жолмен толықтырылсын:
"
367-1 | ГРОМСТОР 75% с.д.т. | 56100,00 | 7950,00 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |