Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 25.01.2021 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласында жолаушылармен және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Қала маңындағы қатынастарға жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай қалалық
мәслихат хатшысы
___________ Б. Сандыбеков
2017 жылғы 2 тамыз
2017 жылғы 2 тамыздағы № 2265 қаулының қосымшасы |
Қала маңайындағы қатынастарда жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифының мөлшері.
№ | Маршрут № | Қашықтық (км) | Қала маңайындағы қатынас тарифы |
---|---|---|---|
1 | № 103 | 10 | 100 |
2 | № 113 | 7 | 90 |
3 | № 113А | 3 | 90 |
4 | № 113Б | 3 | 90 |