Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 105 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 9739 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.12.2022 № 2774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:

      1) қалалық қатынаста, әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынаста интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - 100 (жүз) теңге мөлшерінде, қолма - қол ақшамен төлеген кезде - 170 (жүз жетпіс) теңге мөлшерінде;

      2) әлеуметтік маңызы бар қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 5 (бес) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 10 (он) теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.12.2022 № 2774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласының жолаушылары мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тарифтері туралы" 2017 жылғы 2 тамыздағы № 2265 қаулысының (2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады