Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.09.2024 № 375 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғынжай қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:
Арқалық қаласы, Абай даңғылы № 72 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 21,90 теңге көлемінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.09.2024 № 375 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Балғарин |