"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 13 ақпандағы № 195 "Лисаков қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4520 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VII сессияның төрағасы | А. Демисенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |