"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаманов |
Денисов аудыны әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 181 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1 | "Сарыагаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 462 | 0,2% | 1 |
2 | "ДЕНИСОВСКОЕ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 120 | 1,6% | 2 |
3 | "Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" "Дидар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 83 | 1,2% | 1 |
4 | "ЛАРИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 106 | 0,9% | 1 |
5 | "Енбек 07" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 35 | 2,8% | 1 |
6 | "Фрунзенское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 252 | 0,4% | 1 |
7 | "Агрофирма "Олимп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 1,2% | 1 |