2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 188 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қарашада № 7308 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі В. Ионенко

  Әкімдіктің
2017 жылғы 19 қазандағы
№ 188 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

№ р/с

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

77

1,3%

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2018 год

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 19 октября 2017 года № 188. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 ноября 2017 года № 7308

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить размер квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, в разрезе организаций на 2018 год согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Карасуского района по социальным вопросам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2018 года.

      Аким района В. Ионенко

  Приложение
к постановлению акимата
от 19 октября 2017 года
№ 188

Размер квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, в разрезе организаций на 2018 год


п/п

Наименование организации

Списочная численность работников в организации, человек

Размер квоты в процентном выражении от списочной численности работников

Количество рабочих мест

1.

Коммунальное государственное казенное предприятие "Карасуский сельскохозяйственный колледж" Управления образования акимата Костанайской области

77

1,3%

1