Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 16.02.2018 № 142 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 20 мамырдағы № 86 "Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкалары", "ставкалардың" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрайымы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________ Ж. Бисекеев
"24 " ақпан 2017 жыл