Әкімдіктің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 275 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 142 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 7116 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 275 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы", орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;

      қазақ тіліндегі 1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын" орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Күзенбаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 142 қаулысына қосымша


  Әкімдіктің
2015 жылғы 17 тамыздағы
№ 275 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

№ р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1

Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2

Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату

Сауданы тендер нысанында өткізу

3

Сенімгерлік басқарудың, сенімгерлік басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі

Тікелей атаулы сату


О внесении изменений в постановление акимата от 17 августа 2015 года № 275 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества"

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 30 мая 2017 года № 142. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 26 июня 2017 года № 7116

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №1174 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Сарыкольского района от 17 августа 2015 года № 275 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5862, опубликовано 16 сентября 2015 года в информационно правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок на казахском языке изложить в новой редакции, заголовок на русском языке не изменяется;

      пункт 1 на казахском языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не изменяется;

      приложение к вышеуказанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Сарыкольского района

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Э. Кузенбаев

  Приложение
к постановлению акимата
от 30 мая 2017 года
№ 142


  Приложение
к постановлению акимата
от 17 августа 2015 года
№ 275

Критерии по выбору видов отчуждения коммунального имущества

№ п/п

Наименование критериев

Виды отчуждения

1

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над объектом приватизации;
необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов;
реализация ценных бумаг, принадлежащих государству, при отсутствии заинтересованности государства в дальнейшем их контроле.

Проведение торгов в форме аукциона

2

Необходимость получения денежных средств в бюджет от продажи объекта приватизации в установленные законодательством сроки;
необходимость сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи;
необходимость реализации объекта приватизации по максимально возможной цене;
реализации ценных бумаг, принадлежащих государству, при наличии необходимости сохранения контроля государства над объектом приватизации на определенный период времени путем установления условий продажи.

Проведение торгов в форме тендера

3

Необходимость сохранения на определенный период времени контроля государства за выполнением условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).

Прямая адресная продажа