"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1174 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 275 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы", орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
қазақ тіліндегі 1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын" орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Күзенбаев |
Әкімдіктің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 142 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 275 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ р/с | Өлшемшарттардың атауы | Иеліктен айыру түрлері |
1 |
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы; | Сауданы аукцион нысанында өткізу |
2 |
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; | Сауданы тендер нысанында өткізу |
3 | Сенімгерлік басқарудың, сенімгерлік басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі | Тікелей атаулы сату |