1. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2017 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Рғайбек |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 85/11 шешіміне қосымша |
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2017
жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер |
теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 113,91 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) | 1000 текше метр | 654,54 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 184,42 |
4 | Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 184,42 |
5 | Су көлігі | 1000 текше шақырым | 25,31 |