Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданының кейбір ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шарбақты ауылдық округі құрылсын, аумақтық орталығы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы болып белгіленсін;
Сынтас ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Шарбақты ауданының Сынтас және Богодаровка ауылдары Шарбақты ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Шарбақты ауданының Аникино ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылына берілсін;
Татьяновка ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Шарбақты ауданының Сахновка ауылы Жылы-бұлақ ауылдық округінің құрамына, Шарбақты ауданының Марьяновка ауылы Галкин ауылдық округінің құрамына, Шарбақты ауданының Татьяновка және Малиновка ауылдары Шарбақты ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Алексеевка ауылдық округінің Николаевка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округінің Алексеевка ауылына берілсін;
Сосновка ауылдық округінің Сретенка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, оның аумағы Шарбақты ауданы Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылына берілсін;
Шарбақты ауданының Көлбұлақ ауылы Хмельницкий ауылдық округінен Жылы-бұлақ ауылдық округіне берілсін.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |