Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағына 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 109/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5079 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде "Регион.kz" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде аумақтық әділет органына жолдауды;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |