Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 109/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 156/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 5535 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағына 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 109/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5079 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде "Регион.kz" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде аумақтық әділет органына жолдауды;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады