2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 173/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 шілдеде № 5566 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" № 309/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5249 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Регион.kz" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

      4. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы "20" маусымдағы
№ 173/3 қаулысына
қосымша

2017 жылға басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар
өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім
сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары
(1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)

Р/с №

Басым дақылдардың атауы

Өлшем бірлігі

Бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге

1

Біржылдық шөптер

гектар

10000

2

Ағымдағы жылы немесе өткен жылғы күзде себілген көпжылдық шөптер

гектар

10000

3

Сүрлемге арналған жүгері

гектар

10000

4

Сүрлемге арналған күнбағыс

гектар

10000

5

Қорғалған топырақтағы көкөністер – өнеркәсіпті типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)

гектар

1750000

6

Қорғалған топырақтағы көкөністер – қарапайым типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)

гектар

457648

7

Күнбағыс

тонна

10000

8

Зығыр

тонна

10000

9

Рапс

тонна

10000

10

Майбұршақ

тонна

10000


Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2017 год

Постановление акимата Павлодарской области от 20 июня 2017 года № 173/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 июля 2017 года № 5566

      В соответствии с Правилами субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-3/177, акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар и (или) 1 тонну) на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2017 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 11 октября 2016 года № 309/7 "Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5249, опубликовано 21 октября 2016 года в газете "Регион.kz").

      3. Акимам городов и районов обеспечить целевое использование субсидий.

      4. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      официальное опубликование настоящего постановления;

      размещение настоящего постановления на интернет ресурсе акимата Павлодарской области.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Касенова Б. К.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Бакауов

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарской области
от "20" июня 2017 года № 173/3

Перечень приоритетных сельскохозяйственных культур
и нормы субсидий (на 1 гектар и (или) 1 тонну) на повышение урожайности и качества
продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов
и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения
весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства
приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание
сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2017 год

№ п/п

Наименование приоритетных культур

Единица измерения

Норма бюджетных субсидий, тенге

1

Однолетние травы

гектар

10000

2

Многолетние травы текущего года сева или осени предыдущего года

гектар

10000

3

Кукуруза на силос

гектар

10000

4

Подсолнечник на силос

гектар

10000

5

Овощи защищенного грунта – теплицы промышленного типа (1 культурооборот)

гектар

1750000

6

Овощи защищенного грунта – теплицы упрощенного типа (1 культурооборот)

гектар

457648

7

Подсолнечник

тонна

10000

8

Лен

тонна

10000

9

Рапс

тонна

10000

10

Соя

тонна

10000