Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.06.2017 № 173/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.
2. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 309/7 қаулысына қосымша |
2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының
шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
Р/с № | Басымды дақылдардың тізбесі | 1 гектарға бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге |
1. | Бидай | 500 |
2. | Дәнбұршақ дақылдары | 3000 |
3. | Арпа | 2000 |
4. | Сұлы | 2000 |
5. | Қарақұмық | 3000 |
6. | Тары | 2500 |
7. | Күздік қарабидай | 2000 |
8. | Бір жылдық шөптер | 2500 |
9. | Бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 800 |
10. | Ағымдағы жылғы егістің көп жылдық шөптері | 2000 |
11. | Сүрлемдік жүгері | 10000 |
12. | Күнбағыс | 2350 |
13. | Рапс | 2500 |
14. | Зығыр | 2500 |
15. | Көкөністер | 6000 |
16. | Бақша дақылдары | 6000 |
17. | Тамшылатып суармалау жағдайындағы бірінші жылғы картоп, көкөністер және бақша дақылдары және жүгері | 75000 |
18. | Тамшылатып суармалау жағдайындағы екінші және одан да көп жылғы картоп, көкөністер, бақша дақылдары және жүгері | 45000 |
19. | Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы) | 1500000 |
20. | Қарапайым үлгідегі жылыжайлардың қорғалған топырақ жағдайындағы көкөністері (1 дақыл айналымы) | 400000 |
21. | Картоп | 3000 |