Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 264/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 264/6 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 358/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсанда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған).
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |