Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 264/6 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 358/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 5292 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 225/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 31.07.2017 № 225/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы "Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 264/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 болып тіркелді, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Сарыарқа самалы" және "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесідей толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасында "Культуры" бөлімінде, "рапс гибридный" кіші бөлімінде, "предельная цена, тенге/кг" бағанында реттік нөмірі 12-жол "5595" сандарымен толықтырылсын.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады