Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.11.2022 № 179/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" № 89/4 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Айтышев |
Қалалық мәслихат хатшысы | З. Мұқашева |
Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы |
|
17 қазанындағы № 204/26 шешімімен бекітілген |
Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,95 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,19 |
4 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,96 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,65 |
6 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,8 |
7 | Емханалар | 1 кіріп-шығу | 0,013 |
8 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,3 |
9 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орны | 1,8 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отырғызу орны | 0,4 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
14 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
15 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 1,02 |
16 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 4,5 |
17 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,34 |
18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,49 |
19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,1 |
20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
21 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |
22 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
23 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
24 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
25 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,57 |
26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,11 |
27 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 1,58 |
28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,1 |
29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,47 |
30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,3 |
31 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 5,5 |
32 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,19 |
33 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,76 |
34 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,43 |