Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365 - бабы 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 17 қазандағы № 204/26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5661 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Калижанова |
Павлодар қалалық маслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 179/24 шешіміне қосымша |
Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м 3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2,76 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,13 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,33 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,73 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 10,55 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 1,05 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,84 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,4 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 3,37 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 5,73 |
11 | Мұражайлар, көрмелер |
Жалпы алаңы | 0,070 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,050 |
13 | Спорт, би және ойын залдары |
Жалпы алаңы | 0,42 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер |
сауда алаңы | 1,16 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 4,23 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 4,43 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары |
Жалпы алаңы | 0,20 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету |
Жалпы алаңы | 0,62 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар |
Жалпы алаңы | 2,03 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы |
Жалпы алаңы | 0,10 |
21 | Дәріханалар |
Сауда алаңы | 0,42 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 13,04 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 3,72 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 6,39 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 8,69 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі |
Жалпы алаңы | 0,75 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары |
Жалпы алаңы | 0,35 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 8,47 |
29 | Моншалар, сауналар |
Жалпы алаңы | 1,30 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,81 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 5,12 |