Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 912/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4144 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.К. Абуоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақсу қаласының әкімі | Н. Дюсимбинов |