Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 912/7 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 663/25 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 5657 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 912/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4144 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.К. Абуоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дюсимбинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады