Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы "Ақсу қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 675/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақсу қаласы әкімі | Н. Дюсимбинов |