Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің 04.07.2018 № 1-04/4 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылының "Қызылжар-Құрымсы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қаласының ветериниария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар селолық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Әбікен |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ақсу қалалық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Г. Батаев |
2017 жылғы "11" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | К. Амренов |
2017 жылғы "11" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қалалық қоғамдық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | А. Жалелов |
2017 жылғы "11" желтоқсан |