Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы "Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылының "Қызылжар-Құрымсы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/06 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 1-04/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 6018 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 2-19/116 ұсынысы негізінде, Қызылжар селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылының "Қызылжар-Құрымсы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы "Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылының "Қызылжар-Құрымсы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/06 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар селолық округінің әкімі Ж.Әбікен
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекеменің басшысы Ғ. Батаев
      2018 жылғы "___" _______
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қаласының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекеме
      басшысы Д. Нұржанов
      2018 жылғы "___" ________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақсу қалалық қоғамдық
      денсаулық сақтау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы А. Жалелов
      2018 жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады