Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Отарқа" газетінде және 2015 жылғы 30 шілдеде "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 334/39 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Ищенко |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |