"Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 334/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 4620 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 198/24 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 07.12. № 198/24 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы (V шақырылған кезекті XXХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 289/33 шешімін (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4199 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "Отарқа" газетінде және 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Абдинов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2015 жылғы
25 маусымдағы
№ 334/39 шешімімен
бекітілген

"Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының қызметін және қалалық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Екібастұз қаласы мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      7. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45.
      9. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Аппарат маслихата города Экибастуза".
      11. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігі атынан мемлекет тұлғасында болып табылады.
      12. Осы Ереже "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      14. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға істеуге тыйым салынады.

2. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәслихат аппараты депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      16. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты депутаттарға өз аумақтарында өкілеттіктерін жүзеге асыру қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      17. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету.
      18. Негізгі міндеттері:
      1) қалалық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
      2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) қалалық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      4) тұрғындарды қалалық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
      5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
      7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
      19. Функциялары:
      1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;
      2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, қалалық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.
      20. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Екібастұз қалалық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;
      5) қалалық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
      6) қалалық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      21. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      22. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихат хатшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      23. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) лауазымды тұлға болып табылады және "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдарымен және азаматтарымен өзара қарым қатынастарды сенім хатсыз жасайды;
      2) қалалық мәслихат аппаратының жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады, басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекетті қамтамасыз етеді;
      3) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      4) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және оны алу туралы мәслихат хатшысының қарауына ұсыныстар енгізеді;
      5) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан келісім шарттар жасайды, сенім хаттар береді, банкте шот ашады, төлем және басқада қаржы құжаттарына, арыз талаптарға қол қояды және өзге де әрекеттер жасайды;
      6) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттер імен өкілеттіктерін анықтайды және қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) сессияларды, тұрақтары комисссия отырыстарын, консультативтік- кеңестік органдар жұмысын дайындауға жауапты болады;
      8) "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      24. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесімен коммунальды мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      25. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесімен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      28. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      29. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      30. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады