Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46–бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы "2017 жылға Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" 353/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5294 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсанда аудандық "Ертіс Нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі міндетін атқарушы | М. Ақтаев |