2017 жылға Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 353/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5294 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 179/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 01.07.2017 № 179/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындары квотасы:
      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Ертіс ауданы бойынша білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес;
      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарындағы жұмыскерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру үшін 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "30" қарашадағы
№ 353/7 қаулысына
1-қосымша

Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік
жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

1%

2

2

"Ертіс - комсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

1%

1

3

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

1%

2

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "30" қарашадағы
№ 353/7 қаулысына
2-қосымша

Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

1%

2

2

"Ертіс - комсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

1%

1

3

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

1%

2

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "30" қарашадағы
№ 353/7 қаулысына
3-қосымша

Ертіс ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмыс орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

1%

2

2

"Ертіс - комсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

1%

1

3

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

1%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады