Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 67/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғожинов |