Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Качир ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) № 4/47 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Качир аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Карпенко |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Баяндинов |