Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақұрылыс ауылдық округінің Трофимовка ауылы және Жаңақұрылыс ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының "М. Горький" көшесі "Бәйтерек" көшесі болып қайта аталсын.
2. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Жаңақұрылыс ауылының "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақұрылыс ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б. Капбасова |