Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Трофимовка, Жаңақұрылыс ауылдарындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қарашада № 5701 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақұрылыс ауылдық округінің Трофимовка ауылы және Жаңақұрылыс ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының "М. Горький" көшесі "Бәйтерек" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Жаңақұрылыс ауылының "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақұрылыс ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Капбасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады