Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Воскресенский ауылдық округі Воскресенка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Воскресенский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Воскресенский ауылдық округінің Воскресенка ауылындағы "Совхозная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Воскресенский ауылдық округінің әкімі | О. Жаркина |