Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Лебяжі аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 2/45 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 тіркелген, 2015 жылғы 7 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Қ. Жиеналин |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Мүсінова |