Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Көктөбе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Көктүбек селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы Көктөбе ауылының кейбір көшелері:
Набережная көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесі;
Речная көшесі - Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктүбек селолық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Сагинбаев |