Май ауданы Көктөбе ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5736 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Көктөбе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Көктүбек селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Көктөбе ауылының кейбір көшелері:

      Набережная көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесі;

      Речная көшесі - Бейбітшілік көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктүбек селолық округі әкімінің
      міндетін атқарушы С. Сагинбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады