Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 05.07.2019 № 209/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 тіркелген, "Заман тынысы" № 11 (8081), "Нива" № 11 (250) газеттерінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) № 58/2 қаулысына келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі преамбуласында "соответствии" сөзінен кейін "со" сөзімен толықтырылсын;
көрсетілген қаулы қосымшасының 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулы қосымшасының 3-тармағында "сомасы бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен" сөздері "екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен жүз мың еселік айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы құраған" сөздерімен алмастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Г. Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Садыбеков |