Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 58/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4984 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 209/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 05.07.2019 № 209/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Преамбулаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.01.2017 № 5/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1 "Павлодар ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Павлодар ауданы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуын қамтамасыз етсін.

      4. "Павлодар ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімі аппаратының басшысы Ф.А. Ташимовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бабенко

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 24 ақпан
№ 58/2 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды
және тауарларды, жұмыстарды, қызметтер

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.01.2017 № 5/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

1

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.01.2017 № 5/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

3

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен жүз мың еселік айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы құраған жағдайда, ауданның тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады