Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі (V сайланған ХLVII кезекті сессиясы) "Павлодар облысы Успен ауданының жерлеріне жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері мен аймақтарға бөлу сұлбасын бекіту туралы" № 260/47 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4668 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 тамыздағы № 34 "Аймақ ажары", 2015 жылғы 29 тамыздағы № 34 "Огни села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Смагулова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |