Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Қозыкеткен ауылы тұрғындарының пікірі ескеріле отырып және облыстық ономастика комиссияның 2017 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде, Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің Қозыкеткен ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:
"Производственная" көшесі "Аманат" көшесі болып;
"Мира" көшесі "Атамекен" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
В. Симоненко |